Жаңалықтар

Кемеровадан КазГЮИУ-ге келген студенттер

2018 жылдың 22-сі мен 29 сәуір аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тағылымдамадан өту үшін КазГЮИУ-ға Кузбас мемлекеттік техникалық университетінен (Кемерово қ.) 3 студент пен топ жетекшісі «Автомобиль жолдары және қалалық кадастр» кафедрасының профессоры Шаламанов Виктор Александрович келді.

КузГТУ құрылыс институтының үшінші және төртінші курс студенттері- Виктория Черкаева, Елизавета Ягунова және Полина Тужилкина Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінен тағылымдамадан өтті (ҚазИГЗУ).

Қыздар жеке құрылыс процесстерін жүзеге асыруды – едендерді құюды, кабырғаларды панельдеуді және керамикалық тақтамаен қаптауды үйреніп, пластик терезелер өндірісімен танысты.

Полина Тужилкина «Быстровозводимые здания и сооружения в малоэтажном строительстве» баяндамасымен студенттер мен құрылыс колледжінің оқытушылары алдында сөз сөйледі. Ал, «Автомобиль жолдары және қалалық кадастр» кафедрасының профессоры Шаламанов Виктор сол колледждің студенттері мен қызметкерлері үшін топырақ механикасы бойынша шолу дәрістерін оқыды.

Сондай-ақ Виктор Александрович КазГЮИУ ректоры Құрманбаева Шырын Асылханқызымен кездесті. Информатика және математика кафедрасының студенттерімен және «Құрылыс» бағыты бойынша студенттерді дайындайтын оқытушыларымен бірқатар кездесулер өткізіп, халықаралық бөлім қызметкерлерімен университеттің ғылыми-педагогикалық қызметкерлері мен студенттерінің алмасуы үшін КузГТУ құрылыс институтымен одан әрі ынтымақтасу мәселелерін талқылады.

КузГТУ қонақтарына қонақжайлылық көрсетіліп, КазГЮИУ бойынша саяхат ұйымдастырылды.