Жаңалықтар

Польшаның қаржы және басқару жоғары мектебі мен КазГЮИУ ынтымақтастығы жалғасуда

Академиялық ұтқырлық бойынша Польшаның «Басқару және қаржы» жоғары мектебінен келген (Белосток қ.) шетелдік әріптесіміздің сапары

2018 жылдың 22-сі мен 29 сәуір аралығында академиялық ұтқырлық бойынша КазГЮИУ «Информатика және математика» кафедрасына Польшаның «Басқару және қаржы» жоғары мектебінен (Белосток қ.)  PhD докторы –Иоанна Омельчук ресми сапармен келіп кетті.

Университетіміздің шетелдік ЖОО-мен әріптестік қарым-қатынас орнату стратегиясына сәйкес Белосток қаласының «Басқару және қаржы» жоғары мектебінен келген PhD докторы Иоанна Омельчук «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының студенттеріне «Польшадағы тағамның сапасы мен қауіпсіздігі» тақырыбында дәрістер оқыды.