Жаңалықтар

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ІС-ШАРА

2 мамыр 2018 жылы КазГЮИУ бас ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабына және «Жаңа гуманитарлық білім. 100 қазақ тілінде оқулықтар» іске асыру жоспарына арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шараға университеттің профессорлары, ғалымдары, оқутышылары және студенттері қатысты. Бұл іс-шараның  модератордың рөлін атқарған  т.ғ.к. Рахметуллин А.К. болды. «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітап және «Жаңа гуманитарлық білім. 100 қазақ тілінде оқулықтар» жоспарын дамытудын рөлін жөнінде ф.ғ.к. Түйебаев М.М., Орынгалиева Ш.О., Қалдыбаева Д.О. сөйледі.