Жаңалықтар

2018 жылдың 17 және 19 мамыры аралығында Астана қаласында өтетін Астана экономикалық форумының Ұйымдастыру комитеті әлеуметтік медиада «Мен АЭФ 2018-ге барамын» байқауы басталғаны туралы хабарлайды.

Байқау шарттары бойынша әлеуметтік медиадағы қазақстандық қолданушылар жеке аккаунттарында АЭФ неліктен барғысы келетіні туралы тақырыпты ашатын мәтін жазбаларды немесе бейнероликтерді жариялайды. Әрбір жарияланымға форумның ресми хэштегтері қойылады. Ең көп лүпіл мен қайта жариялау жинаған жасампаз жарияланымдар байқаудың қазылар алқасының назарына ұсынылады.

Байқау шарттары:

1. «Мен АЭФ 2018-ге барамын» мәтін жарияланымын/өз бейнеролигін дайындап, онда форумға не себептен барғыңыз келетін тақырыбын шығармашылық тұрғыдан қозғаңыз.

2. Facebook, ВКонтакте, Instagram немесе Twitter әлеуметтік желілерінің бірінде мәтін жарияланымын/бейнероликті жариялап, сипаттамасына ресми хэштегтерді қойыңыз – #АЭФ2018, #АЭФ, #AEF, #AEF2018, #ForumAstana, #GlobalChallengesSummit, #GlobalChallenges, #GlobalChallengesSummit2018, #Astanaeconomicforum.

3. 15 мамырда үш параметрі: қайта жариялаулар саны, қаралу саны мен шығармашылық негізі бойынша ең үздік үш жарияланым таңдап алынады.

4. Тізім парағынан қазылар алқасы таңдаған 5 жарияланым/ролик иелері жеңімпаз атанады.

5. Бір қатысушыдан қабылданатын жарияланымның көлемі/бейнероликтің ұзақтығы шектелмейді.

6. Байқау жеңімпаздары Астана экономикалық форумы кезінде тегін жол жүру, тұру және қатысу мүмкіндігіне ие болады.

https://forum-astana.org/kz/news/leumettik-zhelilerde-men-aef-2018-ge-baramyn-akciyasyn-bastau