ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

Біздің студенттер Калифорнияда еліміздің намысын қорғайды

25-26 сəуiрде Астана каласы, Конгресс-орталығында өткен Enactus Kazakhstan National EXPO 2018 , яғни студенттiк кәсіпкерлік Ұлттық кубогының жеңімпазы – Семей Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті атанды.

Екінші орынды Астана қаласының ҚазГЗУ командасы алды. Елордалық медицина университеті үшінші орынды иелендi . Төртінші орынды Қазақ ұлттық аграрлық университетінің командасы алды.

Чемпионатқа Қазақстанның 60 жоғары оқу орнынан 700-ден астам студент қатысты. Екі күн ішінде олар ауыл шаруашылық, қаржы, әлеуметтік сала және т.б. саласында 100-ден астам жобаларын ұсынды.

Студенттердің негізгі мақсаты – кәсіпкерлік көзқарас пен әрекеттi қолданып, адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған жобаны дамыту.

Биылғы жылы Семей қаласының командасы әртүрлі қоқыс өңдейтін 3 жобаны ұсынды.Ең жарқын жобалардың бірі «Cane Home» болып табылады. Жобаның мақсаты – қайта өңделген қамыстардан бюджеттік үйлер салу.

Ал чемпионаттын бірінші күнінде Raimbek Group компаниясының «Қазақстанды калай асырауга болады? » атты үшінші арнайы байқауы өтті.

Асқабақ тұқымы бар диеталық өнімдерді өндіру – “Пепо” жобасымен КазГЮИУ (Семей) студенттерi екінші орын және 1 млн жүлдеге ие болды.

Енді Enactus КазГЮИУ командасы Қазақстанның екі дүркін чемпиондары 9-11 казан аралығында Америка Құрама Штатты, Сан Хосе каласында өтетін Enactus Әлем Кубогына ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Толығырақ: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/samyie-aktivnyie-studentyi-predprinimateli-vsego-kazahstana-342997/

 

  1. https://365info.kz/2018/04/nazvany-pobediteli-chempionata-enactus-kazakhstan-national-expo-2018/

 

  1. http://semeytv.kz/ru/news/society/kazgyuiu-stal-obladatelem-nacionalnogo-kubka-studencheskogo-predprinimatelstva-enactus-kazakstan-national-ekpo-2018