Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының мектеп мұғалімдері, колледж және жоғарғы оқу орындарының оқытушылары химиядан біліктілікті арттыру курстарын өтті

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты 2018 жылдың 23 сәуірінен 2 мамыры аралығында «Жаңарту шеңберінде химияны оқыту ерекшеліктері: теория және практика» модулі бойынша мектеп мұғалімдеріне, ЖОО мен колледж оқытушыларына арналған  біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Курс аясында жаңарту шеңберінде химияны оқытудың өзекті мәселелері талданды. Тыңдаушылар қолданбалы биология кафедрасының зертханасында теориялық курсты тәжірибеде бекітті.

Курсты Шәкәрім университетінен шақырылған химия ғылымдарының кандидаты, доцент Мусабаева Бинур Хабасқызы өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – инновациялық технологияларды қолдануға үйрету.

Курсқа ШҚО облысының мектеп мұғалімдері, колледж және жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.