ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

SELFMADEMAN: Өзін-өзі басқару және өзін-өзі ынталандыру

2018 жылдың 20 мамырда Enactus КазГЮИУ командасы белгілі бизнес-тренер, 9 кітап пен 14 фильмнің авторы Радислав Гандапастың «SELFMADEMAN: Өзін-өзі басқару және өзін-өзі ынталандыру» атты тренингіне қатысты.

Ал бұл белгілі тренингтің ұйымдастырушысы Metropolitan Business School болды. Metropolitan Business School-дың негізгі миссиясы, бұл, тұлға және бірегей білім беру бағдарламаларын дамыту арқылы, Қазақстанның кәсіпкерлік элитасын қалыптастыру болып табылады.

Радислав Гандапас Enactus КазГЮИУ командасына өзін-өзі ынталандыру құралдармен танысып, өмір сүру факторлары туралы пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Enactus КазГЮИУ командасы Kazakhstan National EXPO 2018 чемпионатына қатысуы аясында Радислав Гандапастың тренингіне 10 адамға билет ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң универистетінің Enactus командасы Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды және 2018 жылы, 9-11 қазан аралығында Америка Құрама Штаттарының, Калифорния штаты, Сан-Хосе қаласында өтетін Әлем кубогында ел намысын қорғайтындығы туралы еске саламыз.