Жаңалықтар

КазГЮИУ Репетиторлық мектеп мамандарының қала мектептері оқушыларымен кездесулері: «Мамандық таңдау – болашақты таңдау»

Соңғы жылдары талапкерлердің  мамандық таңдау  барысындағы басымдықтары бірнеше өзгеріп, жастар  қазіргі таңда   неғұрлым перспективалық бағыттағы мамандықтарды іздейді.  Осы орайда  КазГЮИУ Репетиторлық мектеп мамандары № 22, № 16, № 47 қала мектептерінің  10 сынып оқушыларына  «Мамандық таңдау – болашақты таңдау»  атты  кәсіптік бағдар  беру  аясында кездесулер өткізді.

Оқушыларға болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық
туралы  “Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті!” атты  слайд  көрсетіліп, толық мағлұматтар берілді. 10 сынып оқушылары арасында “Менің болашақ мамандығым” атты  сауалнама жүргізілді.  Сонымен қатар, оқушыларды КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің жұмыс жүйесімен таныстырып, бейіндік пәндерді таңдау және  жаңа форматтағы ҰБТ-ның  қағидалары туралы кеңестер берілді.

Оқушыларға жазғы демалысты  пайдалы өткізу мақсатында  жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындық курстары және ағылшын тілін уйрену курстары туралы ақпараттар  берілді.

Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды және оларға нақты жауаптар алды.

Сонымен қатар, іс- шараға 8-9 сынып оқушыларыда қамтылды.

Қала  мектептерінің жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру аясындағы кездесулер  2018 жылдың 24 мамырына дейін жүргізіледі.