Жаңалықтар

КазГЮИУ Mеga party

2018 жылдың 21 мамыр күні қаланың орталық алаңында  Mega  party KazGUIU «Түлек 2018» Шығыс Қазақстан облысының ірі университеті КазГЮИУ түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті.

2017-2018 оқу жылында 724 студент күндізгі оқу бөлімінің, 300-ге жуық сырттай және 500-ден аса кешкі оқу бөлімінің студенттері КазГЮИУ түлектері атанды.

Түлектерді Семей қаласының әкімі Сәлімов Ермак Бидахметұлы мен КазГЮИУ ректоры Құрманбаева Шырын Асылханқызы құттықтады.

Салтанатты кештің жүргізушісі мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман болды.

Түлектерді құттықтап, қала тұрғындарына өнерлерін көрсеткен Қазақстан эстрада жұлдыздары ерекше әсер қалдырды.

Mega  party KazGUIU «Түлек 2018» диплом табыстау кеші жастарға арналған тамаша би кешімен аяқталды.