Жаңалықтар

КазГЮИУ-дің магистранттары үшін бірлескен бағдарлама Қаржы мен басқарудың Жоғарғы мектебінің МВА дәрежесі (Польша, Белосток қ.)

Барлық магистранттарды бірлескен білім беру бағдарламасына қатысып, Қаржы және басқарудың Жоғарғы мектебінің (Польша, Белосток қ.) «Іскер әкімшілік мастеры» (МВА) дәрежесін алуға  шақырамыз.

МВА дәрежесі – бұл бизнесті басқару облысындағы халықаралық біліктілік деңгейі!

МВА – бұл ерекше статус, элиталық халықаралық дәреже, ол кәсіби қауымдастықтың қадіріне ие болуға көмектеседі. Басқа жағынан – сәтті мансапқа және жоғары еңбек ақыға жетуге қажетті өте жақсы тұғырнама.

МВА кез келген өрістегі бизнесті немесе компанияны басқару облысындағы сапалы білім беріп қана қоймай, күрделі басқарушылық міндеттерді шешудегі тәжірибелік дағдылар қалыптастырады. Сонымен қатар, жас мамандар болашақ басқарушы мансабы үшін жақсы негіз алады, ал тәжірибелі менеджерлер басқаруға қатысты өз әдістерін және тәсілдерін қайта қарастырып, жаңа әдіс-амалдарды игеруге мүмкіндік алады.

Сұрауларға қарай, бизнес-мектептер түлектерінің көпшілігі МВА бағдарламасы бойынша оқу кезінде олар бизнес үшін қажетті білімдердің бүкіл спектрын меңгеріп, маңызды бизнес-процестердің өзара әрекеттесуі жайында толық көрініс алып, сондай-ақ, пайдалы бизнес – байланыстарды алғандарын бір ауыздан айтып жатыр.

МВА бағдарламасы бойынша оқып жүрген маманның алатын білімдері мен дағдылары қазіргі заманғы бизнестің алуан түрлі облыстарына қатысты болады. Бағдарламаның өзегін бизнес үшін аса маңызды дағдыларды дамытатын пәндер құрайды: аналитикалық ойлау (бухгалтерлік есеп,  экономикалық саясат, операцияларды зерттеу, статистика және т.б.), кәсіби дағдылар (қаржылық менеджмент, HR-менеджмент, операцияларды басқару және т.б.) және  этика (іскерлік этика, корпоративтік басқару және т.б.). Оқыту процесіне, сондай-ақ, көптеген қосымша курстар да кіреді, әр мектептің осындай пәндердің өзіндік тізімі бар – халықаралық қаржылар, кәсіпкерлік, жобаларды басқару, келіссөздерді жүргізу өнері және т.б.

Менеджментте нағыз кәсіпқой маман болу үшін бизнес–процестер жөнінде терең білімдерге ие болу керек – бизнес қандай шаралар мен міндеттерден құралатыны жайлы кең және анық түсінік алу қажет.

Кәсіби білім өнім немесе қызмет өңдіру жөнінде толық түсінік алуға мүмкіндік береді. МВА бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін маман бүкіл ұйымның жұмысын біріңғай жүйе ретінде көре алады. Көптеген түлектер, осы жағдайды көрсете отырып, оны «дүниетанымның өзгеруі» деп сипаттайды.

 

Бағдарлама бойынша оқу шарттары:

Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. 8 адамнан кем емес топ жинақталса – оқу орыс тілінде жүргізілу мүмкін.

Оқыту формасы – күндізгі-қашықтық.

Өтініш пен құжаттарды тапсыру мерзімі – 2018 жылдың 1 мамырына дейін.

МВА бағдарламасы бойынша оқу құны – бүкіл мерзім үшін 1800 евро құрайды.

Бағдарлама құнына 2 апта ішінде Польшада шетел тағылымдаманы өту құны кіреді (тұруы, тамағы, білім беру бағдарламасы, экскурсиялар).

Тағылымдама бағдарламасына қатысу үшін қосымша шығындар:

  • Виза – 60 евро
  • Мед.сақтандыру- 4 000 теңге
  • Авиа билет- 160 000 теңге екі жаққа.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Аяқталған жоғары білімі бар тұлғалар және КазГЮИУ магистранттары.

 

Құжаттар тізімі:

  1. Форма бойынша өтініш хат (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z210)
  2. Нотариуспен расталған жоғары білім туралы диплом көшірмесі
  3. КазГЮИУ магистратурасына түсу туралы анықтама қағаз (магистратурада оқыған жағдайда)
  4. Фотосурет 3х4 форматтағы (2 дана)
  5. Шетелге шығуға қажетті паспорт көшірмесі, нотариуспен расталған
  6. Жеке күәлік және /немесе ұлттық паспорт көшірмесі
  7. Бар болса, грамоталар, сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттар көшірмелері;
  8. Бар болса, шетел тілін білуді дәлелдейтін сертификат (IELTS, TOEFL, HSK);
  9. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2010 жылдың 23 қарашада №907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасы формаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде №6697 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген форма бойынша медициналық анықтама қағазы (одан кейін – медициналық анықтама қағазы)

 

Қосымша ақпарат үшін келесі жерге қатынасуға болады:

Білім беру бағдарламаларын интернационалдандыру Орталығы

Семей қ., Ленин көшесі, 11, әкімшілік корпус

4 қабат, 23 кабинет, Тел. +7 (7222) 36 03 63

Шустова Елена Павловна, КазГЮИУ ББИО бастығы

+7 777 278 4073  e-mail: shustova_yelena@mail.ru

Мусабаева Аяулы Алтынбековна, ББИО маманы

E-mail: academic_mobility_semey@mail.ru +7 707 659 12 75