Жаңалықтар

ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы құқық органдары академиясы базасында ЗФ ҚҚП кафедрасы оқытушыларының біліктілігін арттыруы

«Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестік отырысының 2018 жылғы 27 сәуірдегі №2 хаттамасына сәйкес шешімді орындау негізінде, ақпараттық жүйелермен жұмыс дағдыларын игеру бойынша: «ЕРДР» – сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі, «Е-УД» – Электронды қылмыстық іс, «ЕРАП» – Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі, «Е-обращение» – Электронды жүгіну және «Виртуалды тінту (алу)» Оқу-әдістемелік кешені 2018 жылдың 23-25 мамыр күні ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы құқық органдары академиясы және ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі базасында Оқу-әдістемелік бірлестік құрамына кіретін ЖОО оқытушылары үшін әдістемелік семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренинигке Қазақ  инновациялық гуманитарлық-заң университеті заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушалары Сейданов Айбек, Темиргазин Роман, Стамгазинова Салтанат, Рсымбетова Диана қатысты.

Нәтижесі бойынша ақпараттық жүйелермен жұмыс дағдыларын игеру бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткергені туралы сертификаттары табыс етілді.