Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының колледж оқытушылары экономика пәндерін оқыту әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру курстарын өтті

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты 2018 жылдың 21 мамырынан 29 мамыры аралығында «Экономика пәндерін оқыту әдістемесінің ерекшеліктері» модулі бойынша колледж оқытушыларына арналған  біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Курс аясында жаңарту шеңберінде экономиканы оқытудың өзекті мәселелері талданды.

Курсты экономика ғылымдарының кандидаты Атабаев Жанат Төлеуғазыұлы өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – инновациялық технологияларды қолдануға үйрету.

Курсқа ШҚО колледждерінің экономика пәндерінің оқытушылары қатысты.

Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.