Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының колледждер мен ЖОО кітапханашылары біліктілікті арттыру курстарын өтті

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты  2018 жылдың 11 маусымы мен 18 маусымы аралығында «Оқу орнынын кітапханасы: негізгі ережелер, ресурстар мен мүмкіндіктері» модулі бойынша ЖОО мен колледж кітапханашыларына арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Курс аясында кітапханада жұмыс істеу ережелері, «КАБИС» бағдарламасы, электронды каталогтармен жұмыс істеу жүргізілді, КазГЮИУ кітапханасының ресурстарымен таныстырылды.

Курсты КазГЮИУ кітапхана меңгерішісі Дубаева Зәуреш Ғабасқызы өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – оқу орны кітпаханасының ресурстарын пайдалануды және «КАБИС» бағдарламасымен тиімді істеуді үйрету.

Курсқа ШҚО облысының колледждер мен ЖОО кітапханашылары қатысты.

Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.