ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

КазГЮИУ-де Бірлескен білім бағдарламаларының дамуы

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студенттері мен магистанттарында Қазақстандық және шетелдік диплом алуға мүмкіндіктері бар.

Біздің университет жыл сайын халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтіп, шетелдік ЖОО-да оқитын студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктерді іздейді және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуде.

Университетімізге жаңа оқу жылынан түскен студенттер мен магистранттар үшін оқу жылының басынан бастап еуропалық жоғары оқу орындарымен бірлескен бағдарламаларға қатысу ашық деп жарияланды.

Қазіргі уақытта КазГЮИУ-де «Экономика» және  «Информатика» бакалавр мамандықтары бойынша Қаржы және басқару жоғары мектебімен (Польша, Белосток қаласы), «МВА- іскерлік басқару мастері» магистрлік мамандығы бойынша Варна менеджмент университеті  (Болгария, Варна қаласы) және Қаржы және басқару жоғары мектебімен (Польша, Белосток қаласы) бірлескен  екі дипломды білім бағдарламалары жүзеге асуда.

Суретте Варна менеджмент университетімен бірлескен білім бағдарламасының МВА студенттері профессор Веселин Благоевпен.

Осы бағдарламалардың басты артықшылығы – студенттер қазақстандық жоғары оқу орнында оқып жүріп келісілген оқу жоспары бойынша шетелдік серіктес оқу орнында қатар білім ала алады. Студент шетелде оқуға қосымша уақыт жұмсамайды. Сессиядан алынған пәндер мен бағалаулар серіктес оқу орнымен толығымен қабылданады.

Қазіргі кезде университетіміздің 10 студенті Польша серіктес университетінде және 17 магистрант Болгариялық серіктес университетінде бірлескен бағдарлама бойынша білім алуда.

Кесте 1 – 2015-2019 жж. Шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламалары шеңберінде білім алған КазГЮИУ студенттерінің саны.

 

Факультет 2015 ж. 2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Бакалавриат 1  (Польша ВШФУ- Экономика)- оқу басы, ЕДБ бағдарламасы 1  (Польша ВШФУ- Экономика)- оқу барысы, ЕДБ бағдарламасы 1  (Польша ВШФУ- Экономика)- оқу аяқталуы, ЕДБ бағдарламасы 10*  (Польша ВШФУ «Экономикадағы информатика»)- оқу басталуы, ЕДБ бағдарламасы 10*  (Польша ВШФУ «Экономикадағы информатика»)- оқу барысы, ЕДБ бағдарламасы 10*  (Польша ВШФУ «Экономикадағы информатика»)- оқу аяқталуы, ЕДБ бағдарламасы
Магистратура 2 (Польша ВШФУ)- оқу басталуы  ЕДБ  МВА 2 (Польша ВШФУ)- оқу аяқталуы  ЕДБ  МВА 17 (Болгария ВУМ)- оқу аяқталуы  ЕДБ  МВА 17 (Болгария ВУМ)- оқу аяқталуы  ЕДБ  МВА