ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

КазГЮИУ студенті атанып, академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыс!

КазГЮИУ студенттері жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысады және Еуропаның жоғары оқу орындарында семестрлік оқудан өту мүмкіндігіне ие болады !!!

Біздің университет студенттердің академиялық ұтқырлық бағдаламасының дамуына көп көңіл бөледі. Студенттердің шетелдік серіктес оқу орындарында семестрлік немесе жылдық оқу бағдарламаларына қатысуы студенттерге кәсіби дағдылар мен тілдік білімдерін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, студенттер шетелде әлеуметтік және мәдениетаралық бейімделу  дағдыларын үйренеді. Білім берудің кредиттік технологиясы шеңберінде келісілген оқу жоспарына сәйкес теориялық оқыту және шетелдік серіктес оқу орны ұйымдастырған іс-тәжірибесінен өту жүзеге асырылады.

 

КазГЮИУ-де академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы студенттердің білім алуын қаржыландыру келесі жолдармен қамтамасыз етіледі.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы.

2016-2017 оқу жылында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен студенттер мен магистранттарға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру үшін грант алды. Осы бағдарлама аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер еуропалық серіктес оқу орындарында семестрлік оқудан өту мүмкіндігіне ие болды. Студенттердің жол ақысы, жатақхана төлемі, оқу ақысы, сондай-ақ виза және медициналық сақтандыруға байланысты барлық шығындары төленді.

ЮФ – Заң факультеті;

ГФ – гуманитарлық факултеті;

ФИТиЭ – ақпараттық технология және экономика факультеті.

Сурет 1. Студенттердің шығыс академиялық ұтқырлығы.

Осы бағдарлама аясында Польшадағы екі жоғары оқу орнында әр түрлі мамандықтар бойынша 29 студент Қаржы және басқару мектебі және Белосток техникалық университетінде білім алды. 1 магистрант семестрлік оқуды Франция мемлекетінің Поль Валери Монпелье университетінде  өтті.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен студенттердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру үшін жаңа грант алынды. София техникалық университетінде және Жаңа Болгариялық университетінде 14 адам ( «Электроэнергетика» мамандығы бойынша 10 студент, «Шет тілі; екі шет тілі» мамандығы бойынша 4 студент) күзгі семестрлік оқудан өтті.

2018 жылы студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру үшін жаңа грант алынды. «Информатика» және «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша 10 студент Польша мемлекетінің серіктес университетінде семестрлік оқудан өтеді.

  1. Erasmus + халықаралық бағдарлама қаражаты бойынша

2016 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Erasmus + бағдарламасы аясында  Варна экономикалық университеті (Болгария, Варна қаласы) және  Қаржы  және басқару жоғары мектебімен (Польша, Белосток қаласы) екі келісімшартқа қол қойды. (квота: 1 студент, 1 оқытушы, 1 қызметкер).

2017-2018 оқу жылында 1 студент Erasmus + бағдарламасы бойынша «Қаржы» мамандығы бойынша Қаржы және басқару жоғары мектебінде  білім алды.

  1. Университет қаржысынан

2017 жылдың күзінде университетіміздің есебінен «Құқықтану», «Құқық қорғау» мамандықтары бойынша 13 студент Варна басқару университетінде білім алды.

          4.Студенттердің өз қаражатынан

Студенттер өз қаражаттары есебінен шетелдің жоғары оқу орындарында жаздық тіл курстарымен қатар әртүрлі оқу іс-тәжірибелерінен өтеді.