Жаңалықтар

КазГЮИУ Репетиторлық мектебі мерейлі оқу жылын табысты аяқтады!

КазГЮИУ Репетиторлық мектебі мерейлі оқу жылын табысты аяқтады.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң  университетінің Репетиторлық мектебі Ғылыми кеңестің шешімі ( 27.06.2013 жылғы № 10 хаттамасы) негізінде құрылған, университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басым бағыттары:

  • Оқушыларда әр пәннен тиянақты, терең білім қалыптастыру;
  • Болашақ ЖОО – ның білімді студентін дайындау және дамыту;
  • ҰБТ -ға дайындаудағы оқыту мен дамыту үрдісінде кеңестер беру, әдістемелік, техникалық және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
  • Оқушылардың өзін-өзі дайындау мен білім сапасын арттыру үшін іскерлік кездесулер мен тренингтер ұйымдастыру;
  • Семей қаласының, Қазақстанның басқа аймақтарының білім беру және қоғамдық ұйымдарымен қарым-қатынасты ұйымдастыру;
  • Білім сапасы бойынша болжам, мониторинг және талдау жасау.

2017-2018 оқу жылы жаңа форматтағы  ҰБТ-ға дайындық бойынша курстардан 300-ден астам Семей қаласының мектептерінің және ШҚО аудандарының оқушылары өтті. 9 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің ҰБТ бойынша білім сапасының көрсеткіші 91 балды құрады. Ең жоғарғы балл – 134, Елужанова Ақерке Абай ауданының оқушысы.

Сонымен қатар жоғары балл жинаған  оқушылар: Тайгулова А– 132, Ахмадиева Т- 131, Байботанова М -131, Шалкаркызы А– 128,   Уатжанова А -124, Тлеубаева  М – 124, Кожаканова А – 122,  Бозаев О –121, Алгазинова А – 119, Кыдырбекова Д – 117, Калдыбаев М – 108, Черкашин Т – 102, Оразгалиева Т– 105 б, Даулетханов Е – 102, Бажекенов А – 101, Калиева К – 100.

2018 жылдың 27 маусымында  Репетиторлық мектеп түлектерімен кездесу өтті. Түлектер мектеп басшысына және оқытушыларға  өз алғыстарын білдірді. Мектеп педагогтарының жоғары кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығын атап айтты. 20 мектеп бітіруші түлектер Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін таңдады. Түлектерге 20 жылдық мерейтойға  арналған естелікке жарнамалық кәдесыйлар табысталды. ЖОО қабылдау комиссиясының ережелерімен таныстырылды.

Құрметті КазГЮИУ Репетиторлық мектебінің түлектері! Сіздерді шын жүректен оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!Ақ жол тілейміз!