Жаңалықтар

КазГЮИУ – Астананың құрдасы

1998 жылы 1 шілде күні Қазақ мемлекеттік заң университетінің ректоры Нағашыбай Амангелдіұлы Шәйкенов Семей қаласындағы филиалдың директоры қызметіне Құрманбаева Шырын Асылханқызын тағайындап, сол күннен бастап Семей өңірі тарихында алғаш рет заңгерлерді дайындайтын мамандандырылған жоғары кәсіби білім беруге бағытталған қадам басталды. Қазақ мемлекеттік заң университеті Тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдарында заман талабына сай білікті заңгерлердің жаңа буынын даярлауға деген сұраныстың орнын толтыру және құқық реформасын жүзеге асыру үшін ашылған еді.

2000 ж. Қазақ мемлекеттік заң академиясы болып қайта құрылып, оның Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев ректоры болып тағайындалды.

2002 ж. Қазақ гуманитарлық заң университеті болып қайта құрылды. Сол жылы Семей филиалы Семей заң институты болып аталды. 150 ПОҚ,                 5 профессор, 24 ғылым кандидаты, 11 аспирант білім беру қызметін жалғастырды.

Күндізгі бөлімнің тұңғыш 117 түлегі де сол 2002 ж. шілде айында дипломдарын алды. Одан бұрын 2000 ж. 276 адамға «заңгер» екінші жоғары білімі туралы диплом табысталды. Олардың жас санаттары әр түрлі еді. Сол түлектер арасында ардақты ақсақалдарымыз Мәркен Жақияұлы Шайжүнісов те жоғары кәсіби білікті заңгер деген екінші жоғары білімі туралы біліктілігін алды.

2000 ж. 22 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша Семей заң институында күндізгі бөлімде 267 студент болса, оның 100-і қазақ тобында оқыды. Қазір олардың есімдері республикаға белгілі, біздің мақтаныштарымыз.

Қызметке алғаш қабылданғандар:

Потылицина Валентина Александровна, директордың орынбасары;

Кудрина Ольга Викторовна іс жүргізуші;

Сапорова Светлана Мұратқызы, оқу білімінің әдіскері;

Каженова Гаухар Ғаниқызы, іс жүргізуші және кадр жөніндегі инспектор;

Нугербекова Шынар Қуанышбекқызы, аға лаборант.

Тұңғыш оқытушылар құрамы.

Қасымханов Азамат Мұратханұлы Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі, Мұхамеджанов Жарас Төлеутайұылы, Маликов Қуаныш Тұрарбекұлы.

Алғашқы дәріскер – ұстаздар:

Құрманбаева С.А. – тарих ғалымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ

1999 ж. қыркүйек айынан: Байпеисова Г.М., Матаева М.Х,, Туйебаев М.М., Аухадиева Ш.Д., Искакова Г.К., Тулебаева Н.М.

2000 ж. маусым айында қабылданғандар: Силыбаева Б.М., Майтканова К.К., Габдулина Ж.М.

2000 ж. қыркүйек айында Алматы қ. Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі  Ибрагимова Флюра Галимқызы жолдама бойынша келген, сондай-ақ, штатқа Е.К. Утебаев сияқты жас мамандар қабылданып Құқықтық пәндер кафедрасы ашылды.