Жаңалықтар

Менторларды іріктеу байқауы

Үйлестіру агенттігі жастар корпусын дамыту жобасы аясында 2018 жылдың 25 мамыр-10 шілде аралығында менторларды іріктеу байқауын өткізеді.

ШҚО аумағында тұратын белсенді тұрғындар, қоғамдық ұйым өкілдері, әлеуметтік қызметкерлер, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, бизнес-кеңесшілер, кәсіпкерлер ментор бола алады.

Менторларды іріктеу өлшемдері: жұмыс тәжірибесі (әлеуметтік салада немесе жастармен, әсіресе жастардың осал топтарымен жұмыста  5 жылдан кем емес  жұмыс тәжірибесінің ) болуы, іс-шараларды ұйымдастыру, жобаларды іске асыру барысында тәжірибесінің болуы, білімінің болуы (орта-арнаулы, жоғары), және мобильділік (облыс аумағында жол жүру мүмкіндігі).

Қосымша ақпарат алу үшін жобаның  zhasproject.kz сайтына 2018 жылдың 10 шілдесі сағ. 23:59 дейін тіркелу қажет.  Барлық сұрақтар бойынша ШҚО Үйлестіру агенттігінің өңірлік кеңсесіне 700-212 тел. хабарласуға болады.