ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

Варна менеджмент университетімен бірлескен МВА бағдарламасының студенттері жаздық шетелдік іс-тәжірибеден өтті.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап КазГЮИУ-дің «Құқықтану», «Информатика», «Филология», «Педагогика және психология», «Экономика», «Тарих» мамандықтарының докторанттары мен магистанттары Варна менеджмент университетінде (Болгария Республикасы, София қаласы) МВА (Іскерлік бизнес магистрі) бағдарламасы бойынша білім алуды бастады.

Ағымдағы жылдың шілде айының 1-і мен 13-і аралығында МВА бағдарламасының студенттері Албена қаласында (Болгария Республикасы) жаздың шетелдік ғылыми іс-тәжірибеден өтті.

Варна менеджмент университетінің профессорлары Светлана Дренска және Благоев Веселин «Бизнестік зерттеу» курсы бойынша дәріс оқыды.

Іс-тәжірибе аяқталысымен барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

КазГЮИУ докторанттары мен магистранттарын аталған ғылыми іс-тәжірибені сәтті аяқтауларымен құттықтаймыз, үлкен табыстар тілейміз!