Жаңалықтар

Хабарландыру

КазГЮИУ әскери кафедра студентерінің әскери ант қабылдау рәсімі өтеді

 2018 жылдың 21 шілдесінде сағат 10:00 де Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті әскери кафедрасының саптық алаңында  студенттердің әскери ант қабылдау салтанатты іс-шарасы өтеді.

Биыл әскери антты 205 студент қабылдайды. Олар кафедрада әскери оқудың толық курсын бітіріп, қазіргі уақытта оқу жиынын өтуде және жиын қортындысы бойынша әскери дайындық пәндері бойынша емтиханын  тапсырады.

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің әскери кафедрасын бітірген студенттерге, оқу бағдарламасы бойынша запастағы «лейтенант» әскери атағы беріледі.

Әскери ант – сап түзеген әрбір жас студенттің өміріндегі ерекше әрі маңызды рәсім. Студенттер өз Отанының, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға ант етеді.

КазГЮИУ әскери кафедра студенттерінің өміріндегі айтулы іс-шараға куә болуға,  ата-аналарды, оқу орнының профессор-оқытушылар құрамын шақырамыз.