ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

Номинация «Жоғары сынып оқушылары мен колледждер арасында ең үздік технологиялық шешім»

Номинацияның негізгі мақсаты

Балалардың инновацияға қызығушылығын ынталандырып, практикалық тәжірибе алуға және жаңа технологиялық кәсіпкерлерді тәрбиелеуге мүмкіндік беру.

Номинацияның жүлдегерлері үшін келесі сыйлықтар көзделген

1 орын – жетекші шетел оқу орнында немесе технологиялық дамуды қолдау саласында ұйымда оқыту курсы;

2 орын – 800 000 теңге;

3 орын – 400 000 теңге;

Халықтың дауыс беру жүлдесі – 200 000 теңге.

Осы номинацияда Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • 9-11 сынып оқушыларынан және/немесе колледжжің 1-2 курст студенттерінен құралған 2-5 адам команда болу;
  • әлеуметтік-маңызды тапсырманы және/немесе қоғам өмірінің сапасын жақсартуды шешуге бағытталған жобаны дайындау;
  • ұзақтығы 2,5 минуттан аспайтын технологиялық шешім туралы бейне-презентация дайындау, өтінімді берген кезде бейнероликке сілтемені көрсете отырып, YouTube порталына шығару. Осы бейне-презентация келесі ақпаратты қамтуы керек:
  •  жоба әлеуметтік-маңызды тапсырманы және/немесе қоғам өмірінің сапасын қалай шешеді;
  • оңайлатылған бизнес-жоспар;
  • команданың әрбір қатысушысының рөлі.

Шешімдерді іріктеу тәртібі:

Осы номинациядағы байқау үш кезеңде өткізіледі:

I кезең – бейне-өтінімдерді жинау;

II кезең – 20-баллдық шкала бойынша Сараптамалық комиссия мүшелерінің бағалары бойынша 10-нан артық емес финалға қатысушылар-командаларды іріктеу;

III кезең – Сараптамалық комиссия алдында бейнеконференц байланыс арқылы 10-нан артқы емес финалға қатысушылар – командалардың сұрақтарға жауап (2 мин.) және онлайн питч (презентация) 3 (мин.), оның нәтижесі бойынша жүлдегерлер,2,3 орындар таңдалатын болады.

Халықтың дауыс беру жүлдегері бәріне қарағанда онлайн дауыс беру/ұнатулардың ең көп мөлшерін жинаған жоба болады.

Іріктеудің өлшемшарттары:

  • ұсынылатын шешімді жүзеге асырудың жоғары потенциалы;
  • ұсынылатын шешімнің өзектілігі;
  • тапсырманы орындауға жасампаздық;
  • шешудегі инновациялық құраушы;
  • нарыққа бағдарландық;;
  • өмір сапасын арттырады;
  • командада жұмыс жасай алу.

https://natd.gov.kz/kz/activity/nic/