Жаңалықтар

Халықаралық “Болашақ” стипендиясына “Ақпараттық (кибер) қауіпсіздік” санаты бойынша конкурс

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен (бұдан әрі- Министрлік) профессор-оқытушы құрамының, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы не болмаса жеке ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы бар ұйымдар қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылдануда.

         Осыған орай, Республикалық комиссияның 2017 жылғы 7 желтоқсандағы Хаттамалық шешімімен мақұлданған 2018-2025 жылдарға  арналған  халықаралық «Болашақ» стипендиясын дамыту Жоспарына сәйкес тағылымдамадан өту үшін жаңа «Ақпараттық (кибер) қауіпсіздік» санаты енгізілді.

         Осылайша, 2018 жылдан бастап халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарымен білім алу үшін ұсынылған жетекші шетелдік оқу орындарының базасында, сонымен қатар мойындалған әлемдік, аудандық ғылыми-зерттеу орталықтарында, компанияларда және сапалық ұйымдарда «Ақпараттық (кибер) қауіпсіздік» бағыты бойынша тағылымдамадан өту мүмкін болды.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2018 жылғы  31 тамызға дейін бекітілген.

         Құжаттарды қабылдау екі тәсілмен іске асырылады:

  • «Электрондық үкімет» www. egov.kz порталы арқылы көшірмелер сканы;
  • «Халыққа қызмет көрсету» арқылы түпнұсқасы және сканы (түпнұсқалар тексерілгеннен кейін қайтарылады).

«Ақпараттық (кибер) қауіпсіздік»  санаты  бойынша тағылымдамадан өту талаптары қоса берілген.

         Қосымша ақпарат алу үшін  http://bolashak.gov.kz  интернет ресурсына немесе келесі телефондарға +7 (7172) 76-90-83, 76-90-82, 76-90-84, 24-93-86, 24-93-85 хабарласу қажет.