Жаңалықтар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбындағы халықаралық байқауы

Шығыс   Қазақстан     облысы   ішкі   саясат   басқармасы    Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл  агенттігінің ұйымдастыруымен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!»   тақырыбындағы  халықаралық байқау өтетінін хабарлайды.

Байқаудың ережесіне сәйкес 14 жастан  35 жасқа дейінгі қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында плакаттар және бейнелер  форматында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама әзірлеу ұсынылады. Онда қоғамның барлық деңгейлерінде және барлық қызметі салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимылдың  қазіргі заманғы тетіктерін, сондай – ақ аталған бағытта халықаралық  ынтымақтастықтың ролі мен маңыздылығын көрсеткен жөн.

Жұмыстарды қабылдау  www.anticorruption.life  байқаудың  ресми сайтында жүзеге асырылады.

Қазақстанның ең үздік жұмыстары жартылай финалға шыққандарды іріктеу бойынша ұлттық байқау комиссияның отырысында анықталады және халықаралық қазылар алқасының қарауына жолданады.

       Осыған орай, Сіз басқарып отырған жоғарғы оқу орнында  оқытушылар мен студенттерге аталған байқау туралы кеңінен ақпараттық жұмыстар жүргізуді және байқауға қатысушылар туралы ақпаратты 2018 жылғы 1 қазанға дейін басқарманың  713290@mail.ru  электронды  мекенжайына  жолдау керек.

Правила конкурса