Жаңалықтар

София университеті жанында «Қазақ тілі, әдебиеті мен мәдениеті, ғылыми техникалық ақпаратпен алмасу орталығының» ашылу салтанаты өтті

 

2018 жылғы 18 қыркүйекте София Техникалық университеті жанында «Қазақ тілі, әдебиеті мен мәдениеті, ғылыми техникалық ақпаратпен алмасу орталығының» ашылу салтанаты өтті.

Орталық София Техникалық университетінің басшылығымен Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректорының қолдауымен ашылды.

Ашылу салтанатына Болгариядағы  ҚР  елшілігінің хатшысы Олжас Әліпбаев, ормантехникалық университетінің ректоры, София техникалық университетінің басшылығы, София қаласының тұрғындары қатысты.

Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Құрманбаева  Шырын Асылханқызы  сөз сөйлеп,   орталықтың ашылуы біздің елдеріміз, жоғары оқу орындары арасындағы тату көршілік қарым – қатынастарды дамытудың, екі елдің бай тарихы мен мәдениетімен танысудың жаңа кезеңі, зияткерлік күштердің өсу нүктесі, ғылымның түрлі салаларында ғылыми ізденістердің пайда болуы екенін атап өтті. Сондай – ақ, София Техникалық университеті жанындағы “Қазақ тілі, әдебиеті және мәдениеті, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу орталығының” ашылуы қарым-қатынасымызды нығайтудағы маңызды қадамға айналатынына   сенімін білдірді. Ректор аппаратының жетекшісі Құрманбаева Жанна Асылханқызы, тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Базенов Айрат Базенұлы, халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Шустова Елена Павловна, орталық  жетекшісі, доцент Мұқажанова Раушан Мұратқанқызы осы оқу орыны жанындағы  орталықты ашу мақсаты, алдағы жоспарлары жөнінде айтты.

Іс-шара бойынша ақпарат болгариялық сайтта: https://www.monitor.bg/bg/a/view/tu-otkri-bylgaro-kazahski-centyr-za-obuchenie-144623

Іс-шара бойынша фотосуреттер келесі сілтемеде: https://cloud.mail.ru/public/M7DU/Fb15mkn32/2002-2017%20годы/2018%20год/Болгария/