Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

Құрметті Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің ұжымы!

Сіздерді Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің құрылғанына 65 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз.

Өзінің ұзақ жылғы даңқты тарихында университет денсаулық сақтау мен білім беру саясатының жетілдірілуінде шешуші рөл атқарды. Жарты ғасырдан астам уақытта Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де үлкен беделге ие болып, өзінің тегеурінді профессорлық-оқытушылық құрамымен атақты отандық ғылым мен денсаулық сақтау саласындағы біліктілік пен білімділіктің көшбасшысы атанды.

Университеттің 65 жылдық мерейтойының құрметіне және денсаулық сақтаудағы әлемдік жетістіктеріңіз үшін  жұлдыздарды тіркеудің халықаралық орталығы жұлдыздар галактикасына ” Semey medical University” атты атаулы жұлдызды енгізгенімен шын жүректен құттықтаймыз!  Мәртебелеріңіз әрқашан да асқақтай берсін! Денсаулық сақтау саласында орасан жетістіктерге жете беріңіздер!

Құрметпен, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры, профессор Құрманбаева Ш.А.