Жаңалықтар

“Азия – Алтай 2018” Азия елдерінің халықаралық форумы

2018 жылғы 10-15 қазан аралығында Ресей федерациясының Барнаул қаласында Алтай мемлекеттік университеті Азия елдерінің жас көшбасшыларына арналған “Алтай – Азия 2018” халыкаралық форумы өтті.

Азия елдерінің 14 мемлекетінен келген өкілдерінің арасында Қазақстан делегациясы құрамында Семей қаласы Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті Жастар саясаты орталығының басшысы Рымбек Бауыржанов пен Бизнес инкубатор орталығының басшысы Диас Смагулов қатысты.