Жаңалықтар

КазГЮИУ-дің құқықтық мәселелер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі кеңесі жатақхана студенттерімен дәріс-тренинг өткізді

2018 жылдың 11 қазанында сағат 17.00-де КазГЮИУ-дің жатақханасында Жастар саясаты орталығымен бірлесе отырып, құқықтық мәселелер мен ЖОО-да сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша дәріс-тренинг өткізілді.

Дәріс-тренинг мақсаты – студенттерді құқықтық мәселелер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі кеңес қызметімен таныстыру.

Кеңес мүшелері университетте студенттік омбудсмен институтының құрылуына байланысты, студенттік омбудсменнің құқықтық және сыбайлас жемқорлық мәселелермен де айналысатыны айтылды. Аталған институт Құқықтық мәселелер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша құрылды. Студенттік омбудсмен ретінде заң факультетінің 4 курс студенті Оразбеков Фархат сайланды.

Дәрісті құқық бойынша философия докторы (PhD), шақырылған профессор Янаки Боянов Стоилов және философия бойынша құқық докторы (PhD), КазГЮИУ доценті Қаражанов Малик Дулатұлы өткізді.