Жаңалықтар

Тұлғаның кәсіби сапасын дамыту

2018 жылдың 24 қазанында «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Дакина Г.Т., 1 курс докторанты Орынгалиева Ш.О., оқытушы, п.ғ.магистрі Мауэнова А.Е. ұйымдастыруымен қаламыздағы №8 «Балбөбек» ясли-бақшасының тәрбиешілерімен Елбасы Жолдауындағы 4К моделін жүзеге асыру мақсатында «Тұлғаның кәсіби сапаларын дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингте креативтілік, сыни ойлауды дамыту, коммуникативтілік және топта жұмыс жасай алу дағдыларын қалыптастыруға байланысты түрлі психологиялық ойын, жаттығулар, топтық және жекелей шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.