ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

«Мерейлі 20-жыл» атты студент қатарына қабылдау кеші

Опубликовано 26.10.2018.

25 қазан 2018 жылы әр жыл сайын студент тағатсыздана күткен «Мерейлі 20-жыл» атты студент қатарына қабылдау кеші өтті.

Әр жыл сайын студент тағатсыздана күткен «Мерейлі 20-жыл» атты студент қатарына қабылдау кеші өтті. Мерекелік кештің шымылдығын  «KaзГЮИУ 20 жыл» тақырыбына сай лазерлік шоумен басталды. «Студент қатарына қабылдау» жоғары оқу орнының ежелден келе жатқан дәстүрі. Бұл кешке барынша кіріскен студенттеріміз бар өнерлерін көрсетті. Салтанатты іс-шараға университеттің профессор-оқытушы құрамы және студенттер қатысты.

Кеш барысында университет дәстүріне айналған  бітіруші үздік студенттері жаңа толқын, бірінші курс студенттеріне КазГЮИУ туын, білім кілтін және студент кітапшасын табыстады. Салтанатты кешіміз факультет студенттерінің өнерімен жалғасты.