Жаңалықтар

«Мені шыңдаған Серпін» – республикалық кәсіби шеберлік байқауы

30-31.10.2018 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының ұйымдастыруымен Павлодар қаласында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында оқып жатқан студенттер арасында «Мені шыңдаған Серпін» атты республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

«Мені шыңдаған Серпін» атты республикалық кәсіби шеберлік байқауына Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенттері Далелбек Мукатбек пен Төлешова Жанайым қатысып келді.

Байқаудың мақсаты: жұмысшы мамандықтарды насихаттау, олардың беделін, кәсіби дайындық мәртебесін және біліктілігін арттыру, сондай-ақ, мамандық бойынша үздігін анықтау.

Байқау 2 кезеңнен тұрды:  үй тапсырмасы және теориялық, тәжірибелік тапсырмалар.

Байқауға қатысушылар үй тапсырмасында интерактивті элементтерді кірістере отырып өзінің туып-өскен жерінің киелі, қасиетті жерлері тақырыбында мобильдік қосымша әзірледі.  ІІ кезеңде тест тапсырмалары мен әрбір қатысушыға билет бойынша 1 практикалық тапсырма берілді.

Студенттерді аталған байқауға қатысуға дайындаған «Математика және информатика» кафедрасының оқытушысы Д.Б.Мақамбаев.

Қатысушылар арнайы сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.