ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

«Бастау-2018» пікірсайыс турнирі

Қараша айының 4-ші жұлдызында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Бастау-2018»  КазГЮИУ 20 жылдығына арналған, мектеп оқушылары арасында Ректор кубогы пікірсайыс турниры өтті.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Бастау-2018»  КазГЮИУ  20 жылдығына арналған, мектеп оқушылары арасында Ректор кубогы пікірсайыс турниры өтті.

Турнирдің мақсаты: Оқушылардың өз-ой пікірлерінің қалыптасуына жағдай жасай отырып, еліміздің заманауи білімді саналы, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу.

Аталмыш іс-шараға 8 мектеп, 25 фракция, 50 оқушы қатысты.

Жас ділмарлар шешендік сөз өнері сыналатын зияткерлік ойында азаматтық белсенділіктерін көрсете білді. Бұл сайыс, қазіргі білім саласына қойылып отырған заман талабы өз ойы мен пікірі бар, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын, қабілетті де құзыретті тұлғаны тәрбиелеу бойынша ұйымдастырылды.

Бір күнге созылған турнир қорытындысы бойынша:

Альфа лига:1 орын: “Саясат” фракциясы № 32 орта мектеп, Есенгелді Адема, Садыкова Мөлдір; 2 орын: “Томирис” фракциясы № 23 орта мектеп, Оралғазы Ақниет, Айтмуxаметова Алуа; 3 орын: “Овация” фракциясы № 32 мектеп, Зейнулла Нұрай, Нұртас Бикимбат.

Ең үздік спикер-Оралғазы Ақниет № 23 мектеп.

Бетта лига: 1 орын: “Назар” фракциясы № 22 мектеп-лицей Аxметуалиева Анель, Нығыметжанова Жайдары; 2 орын: “Нирвана” фракциясы №16 мектеп
Сагитова Гүлім, Абдыгалиева Алия, 3 орын: “NN” фракциясы № 47 мектеп
Қадырғазыев Нұрсұлтан, Сембаева Назгүл.
Ең үздік төреші-Оралгазин Бекнар

Пікірсайыс турнирінің барлық қатысушылары арнайы алғыс хаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.