ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті және Алтай мемлекеттік университеті: академиялық ынтымақтастықты дамыту

Опубликовано 05.11.2018.

КазГЮИУ 5 жылдын астам уақыт аралығында Алтай өлкесінің алдыңғы қатарлы университеті- Алтай мемлекеттік университетімен академиялық және ғылыми ынтымақтастықты белсенді дамытуда.

Ынтымақтастықтың ең дәстүрлі түрі – оқытушылардың академиялық ұтқырлығы. Жыл сайын КазГЮИУ студенттеріне түрлі мамандықтар бойынша дәрістер оқуға мамандар шақырылады. КазГЮИУ-дің оқытушылары да сонымен қатар Алтай мемлекеттік университеті студенттеріне дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар өткізуге шақырылады. Дәл осындай екі жақты өзара ынтымақтастық университет қызметкерлерінің әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен, банк ісі саласының маманы, экономика ғылымдарының кандидаты Шустова  Е.П. «Банк менеджменті» тақырыбында «Экономика» мамандығының 3 курс студенттеріне дәріс оқыды. Сабақтың барысында банк секторын дамытудағы ең өзекті және қазіргі заманғы бағыттары, жасанды интеллект және банктегі бизнес-процестерді роботтандыру мәселелері талқыланды.