ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

Алтай мемлекеттік университетінде «Білім беруді интернационализациялау: өзекті мәселелер және даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

6 қарашада Алтай мемлекеттік университетінде «Білім беруді интернационализациялау: өзекті мәселелер және даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті. Оған үш жоғары оқу орны – Алтай мемлекеттік университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті және Варна менеджмент университетінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар халықаралық ынтымақтастық проблемаларын, студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қатысушылар профессор, Болгарияның Варна менеджмент университетінің проректоры В. Благоевтың сөздеріне ерекше назар аударды, ол бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру тәжірибесі, ресейлік және қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты тығыз орнатудың мүмкіндіктері туралы айтып берді.