Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Опубликовано 09.11.2018.

Сіздерді  2018  жылдың   16 қарашасында сағат 11:00-де Семей қаласы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 20 жылдық мерейтойына орай өтетін гуманитарлық факультеті, филология кафедрасының ұйымдастыруымен  «Туы биік, тұғырлы орда» атты жыр мүшәйрасына  шақырамыз.

  1. Жыр мүшәйрасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
    • Мүшәйра екі кезеңнен тұрады:

I кезең – «Туы биік, тұғырлы орда»  тақырыбында университеттің 20 жылдағы жеткен биік белестерін қоса жырлау.

II кезең – еркін тақырыптағы жырлар.

Қатысуға өтінім  филологиясы кафедрасына 15 қарашаға  дейін жолдануы тиіс; (1 қосымша)

1.2  Мүшәйра қорытындысы бойынша жүлделі орындар иегеріне  ақшалай сыйлықтар ұсынылады.

 Мүшәйраның өтетін орыны мен уақыты: 16.11.2018 ж сағат 11:00. Семей қ., Абай көшесі 94, заң факультетінің ғимараты, № 6 дәрісхана.

Мүшәйраны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпарат университеттің  kazguiu.kz сайтында орналасады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан  облысы, Семей қ., Шмидта көшесі, 44, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, гуманитарлық факультеті.

 Үйлестірушілер:

Филология кафедрасының аға оқытушысы Мүрсәлім Г.О

Филология кафедрасының оқытушысы, магистр Адилбеков А.С

Байланыс телефондары: 87781723626; 87784704127 e-mail: foreign-russian-english@mail.ru

 1-қосымша

Мүшәйраға қатысуға өтінім

 

Қатысушының толық аты-жөні жеке куәлігі бойынша Мамандық, кафедра атауы