ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

Көптілді білім беру орталығында «Полиглот» байқауы өтті

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында КаЗГЮИУ-де үш тілде сөйлеуді дамытуға бағытталған Көптілді білім беру орталығында тілдік емес мамандықтардың бірінші курс студенттері арасында «Полиглот» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген және шет тілдерін меңгеруге қызығушылық танытатын студенттерді анықтау.

Байқау 3 кезеңнен тұрды:

1-кезең: «Нақыл сөздер алғыры»- «Experts of  proverbs»

2-кезең: «Бәрін білгім келеді» – «Хочу все знать»

3-кезең: «Жұмбақты тап» – «Guess the riddle»

Қатысушыллар әрбір кезеңнен сүрінбей бар білімдерін ортаға салып, берілген тапсырмаларға үш тілде жақсы жауап бергенін атап айтқан жөн. «Полиглот» тілдік сайысы  достық және шығармашылық атмосферада өтті. Сайысқа Г-111, Г-113, И-121, И-122, И-123 (B), И-123 (С) топтарының 1 курс студенттері қатысты.

Байқауды қорытындылай келе, қазылар алқасы қатысушылардың тілдік  білімінің деңгейін, сөздердің дұрыс айтылуын, сондай-ақ жауаптардың сапасы мен мазмұнын ескерді. Байқау қорытындысы бойынша Г-111 топ жеңіске жетті. Екінші орынды И-122 топ, үшінші орынды И-123 (B) тобы иеленді.

Іс-шара соңында Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор профессор Христо Кафтанджиев әрбір студентке белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, командаларға алғыс хаттар, сертификаттар және естелік сыйлықтар табыс етті.