ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

«Қалай көшбасшы болу керек?» – профессор Веселин Благоев бірлескен білім беру бағдарламасы аясында КазГЮИУ-де MBA студенттеріне дәріс курсын өткізді

Опубликовано 10.11.2018.

Профессор Благоев Веселин (Варна менеджмент университеті, Болгария) КазГЮИУ-де МВА бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттерге «Ұйымдардағы көшбасшылық және өзгерістерді басқару» тақырыбында қызықты және танымдық курсын өткізді.

– Көшбасшы деген кім?

– Көшбасшылықтың негізгі түрлері қандай?

– Компанияны өзгермелі нарық жағдайында қалай басқаруға болады?

– Қызметкерлерді ынталандырудың қандай нысандары мен әдістері қазіргі уақытта ең тиімді болып табылады?

Профессор В.Благоевпен бірге осы және басқа да көптеген сұрақтар талқыланды.

Профессор В.Благоев, Варна менеджмент университетінің проректоры, стратегиялық менеджмент, маркетинг, қаржы менеджменті саласындағы танымал ғалым.

МВА бағдарламасы аясында біздің студенттерге Варна менеджмент университетінің басқа да жетекші, білікті ғалымдары дәріс курстарын өткізеді.