ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

КазГЮИУ 20 жылдығын мерекелеу апталығы

Опубликовано 13.11.2018.

12 қараша 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің 20 жылдық мерекелеу апталығы басталды.

12 қараша 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің 20 жылдық мерекелеу апталығы басталды. Мерекелік апталық ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауына үн қату мақсатында «4К» жобасы бойынша өткізілген кездесумен ашылды. Кездесу жоспары бойынша «КазГЮИУ-дің қалалық деңгейдегі кәсіби бағдар беру айлығының» қорытынды іс- шарасы өткізілді

Іс- шара мақсаты:

  • Бітіруші түлектерге университетіміздің мамандықтарын таңдауда кәсіптік бағыт-бағдар беру;
  • Мамандықтардың бүгінгі таңдағы сұранысы жайлы толыққанды мағлұмат беру;
  • ҰБТ-ны өткізу ережесі және жоғары оқу орнына қабылдау туралы ақпарат беру;
  • ҰБТ-ға қатысты психологиялық кеңестер беру;
  • ҚР Қарулы Күштеріне запастағы офицерлер даярлайтын Әскери кафедраның оқу ғимаратымен таныстыру.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауына үн қату мақсатында «4К» жобасы бойынша қалалық білім беру басқармасымен меморандумға қол қойылды. Кездесу Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Фесенко Наталия Анатольевна, «Алаштану» ғылыми зерттеу институтының директоры Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбай, қаламыздағы жалпы білім беретін орта мектеп және бала-бақша директорлары қатысуымен өтті.

Іс- шара аясында «Алаштану» ҒЗИ өнімі «Балалар энциклопедиясының» тұсау кесер рәсімі өтті. «Аманаты Алаштың» атты балаларға арналған энциклопедиясының автор-құрастырушысы «Алаштану» ғылыми зерттеу институтының директоры Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбай.

«Аманаты Алаштың» балаларға арналған энциклопедиялық басылымының мақсаты ХХ ғасыр басында Қазақ Елінің тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткерлерінің ерен еңбегін, ерлік күресін жастарға үлгі ету болып табылады.