Жаңалықтар

«Алтын ұяға тағзым»

2018 жылдың 15 қарашасында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң  университетінің 20 жылдығы аясында «КазГЮИУ түлектер қауымдастығы» әр түрлі жылдардағы түлектермен кездестіру ұйымдастырды.

Қауымдастық  әр жылдың түлектері студенттерге әлеуметтік қолдау көрсететін «Алтын ұяға тағзым» жобасын жүзеге асырады. Биылғы жылы Қауымдастық  қорынан 1 200 000 теңге бөлінді.

Іс-шара барысында университеттің дамуы мен имиджін нығайтуға қосқан үлесі үшін түлектерді «Құрметті түлек  КазГЮИУ» төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті, сондай-ақ түлектер мен студенттер 2018-2038 ж.ж уақыт капсуласын орнатуға қатысты.

Уақыт капсуласын мәтіні:

Құрметті 2038 жылдың студенті!

Біз Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің 2018 жылғы  студенттері мен түлектері Сіздерге үндеу жолдаймыз!

Біз, 2038 жылғы студентті жаңашыл, шығармашыл ойшыл тұлға деп қабылдаймыз! Еліміздің туын биік ұстайтын, көп тілді меңгерген тұлға деп қабылдаймыз! Біздің бастамамызды  мақтанышпен  жалғастырушы тұлға деп қабылдаймыз!

Сондықтан, Сіз өзіңіздің еліңізге және болашақ ұрпақтарыңызға жас жүрегіңіздің жылуын, өз ісіңізге  деген сүйіспеншілігіңізді, өркендеуге деген ұмтылысыңызды сыйлап, оқу ордасының – Ізгілік және  Білім ордасы болып ғасырлар бойы өмір сүруіне өз үлесіңізді қосады деп сенеміз!