ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

«Erasmus +» халықаралық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен КазГЮИУ және Қаржы және менеджмент жоғары мектебі келісімшартқа қол қойды (Польша Республикасы, Белосток қаласы)

2018 жылдың 16 қарашасында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры Құрманбаева Шырын Асылханқызы Erasmus +  халықаралық бағдарламасын жұзеге асыру мақсатымен Қаржы және менеджмент жоғары мектебімен келісім шартқа қол қойды.

«Erasmus +  » – білім беру мен оқыту жүйесін жаңғыртуға, жастар саясаты мен спортты дамытуға қолдау көрсету, сондай-ақ білімдік дағдыларды жетілдіруге, халықтың жұмысқа орналасу деңгейін жоғарылатуға бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламасы. Бағдарлама Еуропалық Одақтың бюджетімен қаржыландырылады.