ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

София техникалық университетінің (Болгария Республикасы) профессоры Станимир Карапетковтың семинары өтті

2018 жылдың 17-18 қарашасында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң  университетінде «Автотехникалық сот сараптамасы: заңгерлер үшін техникалық түсіндірме» тақырыбында техника ғылымдарының докторы, София техникалық университетінің профессоры (Болгария Республикасы) Карапетков Станимир  семинар-тренинг өткізді.

Профессор Карапетков Станимир – автокөлік сараптамасы саласында  халықаралық танымал ғалым. Ғылыми-практикалық тұрғыдан оның шығармалары мен әдістемелері ерекше аналогы жоқ, көрнекі нұсқаулық ретінде пайдаланылады.

Семинарға «Nomad Insurance» сақтандыру компаниясының директоры, «Nomad Insurance» Төтенше Комиссариатының басшысы, Шығыс Қазақстан Сот сараптамасы институтының сарапшылары, Ресей Федерациясы Президентінің мемлекеттік қызметі аясында  Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының заң факультетінің деканы, Кузбаск мемлекеттік техникалық уиверситетінің техника ғылымдарының кандидаттары (Ресей Федерациясы) және КазГЮИУ-дің заң факультетінің оқытушылары қатысты.

Семинар соңында барлық қатысушылар сертификатпен марапатталды.