Жаңалықтар

Сот отырысының оқу залының ашылуы

2018 жылдың 16 қарашасында Семей қ. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 20 жылдық мерей тойы қарсанында сот отырысының оқу залының ашылуына арналған салтанатты шара өткізілді.

Шығыс Қазақтан облыстық соты мен КазГЮИУ  «Ынтымақтастық пен барлық тәжірибе түрлерінен өту» туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум КазГЮИУ профессорлық-оқытушылар  құрамы мен Семей қалалық сотының төрағасы Н.Б. Әбдікәрімовтың бірлескен жұмысымен жасалды.  Меморандумның мақсаты – Семей қалалық сотында заң факультетінің кафедрасы ашылуы, педагогика және психология кафедрасының оқытушыларының судьяларға дәріс оқуы және заң факультетінің студенттеріне лекциялар оқуы, сондай-ақ ШҚО аумағында тәжірибе базасының ашылуы.

Ашылу салтанаты Семей қалалық сотының төрағасы  Н.Б. Абдикаримов, Семей қаласының қылмыстық істер бойынша №2 сотының төрағасы Ж.Т. Абенованың, Мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Т. Молдагожинаның, Шығыс Қазақстан облысының № 2 кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Р.З. Байжуманованың, медиатор М.Ж. Шарапиевтің қатысуларымен өткізілді.

Сот отырысының залы оқу сот процесінің нағыз процеске ұқсас етіп өткізуге мүмкіндік беретін заманауи техникалық құралдармен толығымен қамдалған.

Ашылу барысында ҚазИГЗУ ректоры, профессор Құрманбаева Ш.А. мен облыстық соттың судьясы, ШҚО бойынша Судьялар одағы филиалының төрағасы, з.ғ.к. Жумаксанов Е.Ш. арасында «Тәжірибенің барлық түрлерін өту туралы және ынтымақтастық туралы» меморандум жасалды.

Фото: https://cloud.mail.ru/public/M7DU/Fb15mkn32/2002-2017%20годы/2018%20год/16.11.2018%20-%2020%20летие/Открытие%20учебного%20зала%20судебных%20заседаний/