Жаңалықтар

КазГЮИУ 20-жылдығы апталық аясында дөңгелек үстел өтті

Опубликовано 21.11.2018.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 20-жылдығы апталық аясында «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын алдын алу. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты жастар ортасында қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел мақсаты: мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік қызметте, жеке секторда сыбайлас жемқорлықтар мен сыбайлас жемқорлық құбылыстарды алдын алу шараларын талқылау және ЖОО-да сыбайлас жемқорлықтар мен сыбайлас жемқорлық құбылыстарды ескертудің шараларын әзірлеу және ұсыныстар енгізу.

Дөңгелек үстелге қатысушылар алдында Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары, ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат міндеттері: ЖОО тәжірибесі, отандық және шетелдік тәжірибе, рухани жаңғыру контекстінде ЖОО-дағы академиялық адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сезімді қалыптастыру, мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, жоғарғы білім беру саласында сыбайлас жемқорлық және академиялық этика, ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің қазіргі тетігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету: халықаралық тәжірибе, жеке сектордағы сыбайлас жемқорлық құбылыстардың алдын алу, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықпен күрес, ЖОО-да сыбайлас жемқорлық құбылыстарымен күрес бағдарламасы, сыбайлас жемқорлық құбылыстарымен күресте алдын алу кеңестері мен тәртіптік кеңестердің қызметі мен сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарын саралаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелге шетелдік ғалымдар, КазГЮИУ-дің және қала ЖОО профессорлық-оқытушылар құрамы, Семей қ. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Семей қ. судьялары, Семей аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ауданаралық басқарма қызметкерлері, Семей қ. Әділет басқармасы, Семей қ. Әкімдігінің құқықтық саясат бөлімінің қызметкерлері, Семей қ. адвокаттары қатысты.

Дөңгелек үстел нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірленіп қарар қабылданды.