ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

КазГЮИУ студенттерінің назарына!

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті 5B050600 «Экономика», 5В050900 «Қаржы», 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының студенттері арасында 2018-2019 оқу жылының көктемгі семестріне арналған «Erasmus+ академиялық ұтқырлық» халықаралық бағдарламасы аясында бір студентті тегін семестрлік оқуға жіберу туралы конкурсты жариялайды. Оқу Польша Республикасының Белосток қаласы Жоғары қаржы және басқару университетінде ағылшын тілінде өтеді. Грантта да, коммерциялық негізде де оқитын студенттер конкурсқа қатыса алады.

Қатысушыларды іріктеу кезеңі келесі көрсеткіштер бойынша өтеді:

  1. КазГЮИУ-дың толық бір академиялық кезеңді аяқтаған студент болу (2,3 курс студенттері);
  2. Орташа үлгерім (GPA 3.50 және одан жоғары);
  3. Білім және ғылым саласында жетістіктердің болуы (сертификат, диплом көшірмелері)
  4. «Pre-Intermediate» деңгейінен төмен емес ағылшын тілін білу

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы  бойынша оқуға қажетті құжаттар тізімі:

  1. http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z210 формасы бойынша өтініш;
  2. Жеке куәлік немесе шет елге шығу паспорт көшірмесі;
  3. Ұсыныс хат (факультет декандары немесе кафедра меңгерушілерінен);
  4. Алғыс хат, мадақтама, сертификат, диплом көшірмелері;
  5. Ағылшын тілінің деңгейін растайтын сертификат (IELTS,TOEFL);
  6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086-У формасындағы медициналық анықтама.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 30 қарашасы, сағат 17.00 дейін

Толық ақпаратты алу үшін:

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Ленина көшесі 11,

Бас ғимарат

4 қабат, 23 кабинет

Мусабаева Аяулы

Тел. +7 (7222)360363

Ұялы тел. +7 7076591275