ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

Ұлттық жобалар баcқармасының басшысымен кездесу

22.11.2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде Ұлттық жобалар баcқармасының басшысы Сағиева Айгүл Хасеновнамен кездесу өткізілді.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде Ұлттық жобалар баcқармасының басшысы Сағиева Айгүл Хасеновна «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» – «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында оқып жатқан студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу мақсаты: «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында білім алып жатқан студенттердің материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік және жатақханадағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысып, білім алушылардың мазалап жүрген сұрақтарына жауап беру.

Аталған кездесуге КазГЮИУ «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша үйлестіру орталығының жетекшісі Садықова Раиса Төлеуқызы және студенттер қатысты.

Кездесу еркін форматта өткізілді. Студенттер өз ойларын ортаға салып, бірқатар сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ, жастар өз тілектерін жалынды жырларымен білдіріп, жобаға алғыстарының шексіз екенін айтты.

Кездесу соңында Айгүл Хасеновна «Студенттер үйіне» барып, студенттердің жатақханадағы тұрмыстарымен танысып, естелік фото суретке түсіп қайтты.

Осындай кездесу өткізіп, жастарға серпін берген  Ұлттық жобалар баcқармасына алғыс айтамыз!