ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай футбол және волейбол турнирі өтті

Қараша айының 24 -25 күндері аралығында  Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің профессорлық оқытушылық құрамы мен қызметкерлері арасында 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай футбол және волейбол турнирі өтті.

Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің профессорлық оқытушылық құрамы мен қызметкерлері арасында 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай футбол және волейбол турнирі өтті.

Турнир мақсаты: спорттың әртүрлі түрлерін көпшілікке тарату және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Турнирге жалпы саны 4 команда қатысты:

  1. Әскери кафедра қызметкерлер командасы;
  2. КазГЮИУ қызметкерлер командасы;
  3. Ақпараттық техологиялар және экономика факультеті командасы;
  4. Innovative және Семей көпсалалы колледж қызметкерлер құрама командасы.

Спартакиада жоғары деңгейде өтіп, олардың нәтижесі бойынша үздіктері аңықталды.

Волейбол жарысы қорытындылары бойынша:

I орын: Ақпараттық техологиялар және экономика факультеті командасы;

II орын: Innovative және Семей көпсалалы колледж қызметкерлер құрама командасы;

III орын: Әскери кафедра қызметкерлер командасы;

Футбол жарысы қорытындылары бойынша:

I орын: КазГЮИУ қызметкерлер командасы;

II орын: Ақпараттық техологиялар және экономика факультеті командасы;

III орын: Innovative және Семей көпсалалы колледж қызметкерлер құрама командасы;

Барлық жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.