Жаңалықтар

Полиция қызметкерлері «Ақпараттық технологиялар және экономика» факультетінің студенттерімен кездесті

Опубликовано 26.11.2018.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің № 2 оқу ғимаратында 20.11.18 ж. бастап 23.11.18 ж. дейін студенттердің Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері – ОКП бастығы полиция майоры А. Д. Абеуовпен, ОКП бастығы майор А. К. Нүкеевпен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік аға полиция майоры А. А. Бекишевамен, кіші лейтенант И. Қайратқызымен кездесуі өтті. Кездесу барысында полиция қызметкерлері студенттерге ұрлық, тонау, есірткі заттарын қолдану және тарату, басқа да қылмыстар мен құқық бұзушылықтар сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік туралы сұрақтар қойды. Сондай-ақ, студенттерге қылмыстық жауапкершіліктің басталуы және қылмыс жасағаны үшін жаза қолданудың жас санаты туралы толық түсінік берілді. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.