Жаңалықтар

КазГЮИУ заң факультетінің студенттері Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соттың сот процестеріне қатысты

2018 жылдың 21 қарашасында Мемлекеттік құқықтық пәндер қафедрасы аға оқытушысы Д.Р. Егежанованың жетекшілігімен «ҚР-ның Әкімшілік құқығы» және «Әкімшілік процесі» пәндері бойынша тәжірибелік сабақтарды оқыту барысында 2 курс студенттері  «Құқық қорғау қызметі» және 4 курс студенттері «Құқықтану» мамандықтары бойынша Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соттың сот процестеріне қатысты. Сотта ҚР ӘҚБК-нің 73-1,610,434 баптары бойынша, прокурор және полиция инспекторының қатысуымен әкімшілік құқық бұзушылық істері қарастырылды.