ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!

29 қараша 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің гуманитарлық факультетінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тақырыпта көрме өтті.

Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің гуманитарлық факультетінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тақырыпта көрме өтті.

Іс-шара мақсаты: ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбек жолын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау; Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу; Жастардың бойындағы шығармашылық таланттарын шыңдау.

Іс-шара Гуманитарлық факультетінің деканы Сейітова Шынар Ботайқызының құттықтау сөзімен ашылды. Мереке барысында тарих мамандығының докторанты Аманбекова Нургуль Дайыровна баяндама оқыды.

Гуманитарлық факультеттің студенттері: Ахметкалиева Алтынай, Әбдуахаб Оразгүл, Ибрагим Ұлжанат, Болатбекова Аяулым, Абдуали Шерхан, Тәжібайева Гүлазия Елбасына арнап шығарған өз өлеңдерін оқып, төл туындыларын ортаға салды.

Тұңғыш таққа отырдың 91-ге,

Нұрсың сен шақыратын жарық күнге.

Шаңырағы биік тұрар бұл қазақтың,

Іргесі сөгілмесін мәңгі мүлде.

-деп Гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті Тәжібайева Гүлазия өлең шумақтарын арнады.

«Әлем таныған тұлға» атты көрмесін кітапхана меңгерушісі Дубаева Зәуреш Ғаббасқызы таныстырды. Көрмеде Елбасымыздың еңбектері, өмірбаяны жазылған шығармаларын көрсетті және кітапханамыздағы Елбасы шығармаларының электрондық нұсқаларының 300-ге жуық, газет мақалаларының 167-ге жуық түрлерін атап өтті.