Жаңалықтар

«Информатика және математика» кафедрасының оқытушылары Абай атындағы театрда қала әкімі Ермак Сәлімовтың және шетелдік қонақтар мен түлектердің қатысуымен өткен салтанатты іс-шарада төс белгілер мен марапаттарға ие болды

Опубликовано 29.11.2018.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 20 жылдығын мерекелеу Абай атындағы театрда қала әкімі Ермак Сәлімовтың,шетелдік қонақтар мен түлектердің қатысуымен салтанатты іс-шарамен аяқталды. ЖОО қызметкерлері Білім және ғылым министрлігінің марапатымен және ШҚО әкімінің атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.

«Информатика және метематика» кафедрасының аға оқытушылары Б.С.Құдайбергенова мен И.Х.Кувантаев көп жылғы енбегі және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі ушін,сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 20-жылдығы құрметіне   Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ә.Нүсіпованың грамотасымен марапатталды.

«Информатика және метематика» кафедрасының аға оқытушылары С.С. Оразаева және  Б.Ы.Джакупова  «Көп жылғы педагогикалық қызметі,өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға қосқан үлесі,қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін және 20 жылдық мерейтойына орай» қала әкімі Ермак Сәлімовтың грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!