Жаңалықтар

«Информатика және математика» кафедрасының «Smart university» конференциясына арналған жобалары

Опубликовано 29.11.2018.

КазГЮИУ 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған конференцияға «Информатика және математика» кафедрасының 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттері: А.Б.Сағымбаев «Компьютерная графика и анимация, дизайн», Б.Е.Дүйсек «CRM-Стема для управления центром», Қ.Ә.Әуелханов «Взоимодействия сетей связи» тақырыбында жобаларын ұсынды.

Мерейтой құрметіне университеттің виртуалды 3D моделін құру үшін және КазГЮИУ бойынша нақты және виртуалды кеңістіктегі жолсілтемелерді және экскурсиялық бағыттарды әзірлеу мақсатында «Информатика және математика» кафедрасының докторанты Б.А.Наурызбаев және магистранты М.А.Марат дайындаған арнайы  “Smart University” жобаларын шетелдік  әріптестер мен қонақтарға таныстырды.

Жобаның мақсаты 3 кезеңнен тұрады:

  • Болашақ талапкерлер мен қонақтарға университеттің оқу ғимараттарын және материалдық-техникалық базасын көрсету.
  • Оқу ғимараттар бойынша экскурсиялық маршруттарды әзірлеу.
  • Университеттің виртуалды 3D турын жасау және безендіру.